Қостанайдың үздік шеберлері республикаға жол тартады

Қостанайдың үздік шеберлері республикаға жол тартады

Бүгін өңірдегі дарынды оқушылар Қостанайда бас қосты. Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп базасындағы көрме-байқауға облыстың әр ауданын келген алпысқа жуық жас шеберлер қатысты.

 

Байқаудың ұйымдастырушылары облыстық білім басқармасының Дене тәрбиесі және қосымша білім беру өңірлік орталығы.

blank

«Бұл байқау балалар қолөнер шығармашылығының негізгі іс-шарасы және ұлттық дәстүрді сақтау үшін жиырма жылдан астам уақыт өткізіліп келеді. Жылдан-жылға қатысушылар саны артып отыр. 2024 жылы 105 қатысушы болса, бүгінде 165 қатысушы бар. Жеңімпаз мамыр айында өтетін республикалық байқауда бақ сынайтын болады»,  – дейді Мекеме басшысының орынбасары Жанна Есмурзинова.

blank

Демек аталған байқау білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың көркемдік талғамын қалыптастыру, ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарға баулуға, жас ұрпақты жан-жақты дамыған, эстетикалық тұрғыдан тәрбиелі тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталғаны сөзсіз.

blank

Қатысушылар 11 мен 17 жас аралығындағы мектеп оқушылары мен қосымша білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілерінен құралды. Олар өз жұмыстарын түрлі бағыттар бойынша ұсынды. Атап айтқанда, тоқыма бұйымдары, ағаш, сүйек және былғары өңдеу, зергерлік өнер, мүсін жасау, ұлттық киім үлгілерін әзірлеу, қағаздан жасалған бұйымдар, сондай-ақ ұлттық нақыштағы интерьер дизайн жобалары көрермен назарына ұсынылды.

 БОТА МАНЕТ