Бүгін Қостанай қаласы мен Қостанай ауданын жалғайтын көпірдің жүк көліктері үшін жабылғаны хабарланды.
Облыстық Полиция департаменті Ақтөбе мен РФ (Челябі) маршруты бойынша жүретін транзиттік көлік үшін “Тобыл-Садчиков-Сергеев” КР-3 автожолы бойынша Қостанай қаласын айналып өтуге болатынын ескертеді.
“Ресей Федерациясынан және Ақтөбеден Астана, Көкшетау, Алматы қалаларына баратын транзиттік көлік үшін Рудный арқылы “Тобыл-Садчиков-Сергеев” КР-3 автожолы арқылы шығуға болады. Маршрутты алдын ала құруды және ресми хабарламаларды қадағалауды сұраймыз”, – делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Тобыл өзені деңгейінің көтерілуіне байланысты, “Корей” көпірі мен КЖБИ көпірінде барлық көлік түрі үшін қозғалыс шектелген еді.