Бүгін Қостанай қаласы мен Қостанай ауданын жалғайтын көпірдің жүк көліктері үшін жабылғаны хабарланды.
Облыстық Полиция департаменті Ақтөбе мен РФ (Челябі) маршруты бойынша жүретін транзиттік көлік үшін «Тобыл-Садчиков-Сергеев» КР-3 автожолы бойынша Қостанай қаласын айналып өтуге болатынын ескертеді.
«Ресей Федерациясынан және Ақтөбеден Астана, Көкшетау, Алматы қалаларына баратын транзиттік көлік үшін Рудный арқылы «Тобыл-Садчиков-Сергеев» КР-3 автожолы арқылы шығуға болады. Маршрутты алдын ала құруды және ресми хабарламаларды қадағалауды сұраймыз», – делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Тобыл өзені деңгейінің көтерілуіне байланысты, «Корей» көпірі мен КЖБИ көпірінде барлық көлік түрі үшін қозғалыс шектелген еді.