Қостанайдың атауы Санар деп өзгертілетіні рас па?

Қостанайдың атауы Санар деп өзгертілетіні рас па?

Бірер күн бұрын әлеуметтік желілерде Қостанай қаласының атауы өзгеретіні туралы ақпарат тарады.

Ол хабарламада қала атауын Санар деп өзгерту туралы пікірді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі мәлімдегені айтылған.

WhatsApp, TikTok желілерінде желдей тарап кеткен осы ақпарат жөнінде облыстық Қоғамдық даму басқармасы мәлімдеме жасады.

«KazNews агенттігінің Қостанай қаласының атауын Санар қаласына өзгерту туралы мәлімдемесіне қатысты, бұның ешқандай сілтемесіз, дерексіз жарияланып отырған дәлелсіз ақпарат екендігін ескертеміз. Естеріңізге сала кетейік, жалған мәлімет таратқандарға заң жүзінде жауапкершілік қарастырылған», – делінеді басқарма хабарламасында.

 

Жаңалықтармен бөлісу