Қостанайлықтар Абай облысындағы орман өртінен зардап шеккендерге 20 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жіберді. Қайырымды іске «AMANAT» партиясының Қостанай облыстық филиалы мен «Жастар Рухы» жастар қанаты ұйытқы болды.
«AMANAT» партиясының Қостанайдағы филиалы гуманитарлық көмектің алғашқы легін жөнелтті. Аталған гуманитарлық көмек облысымыздың аудандары мен қалаларынан жиналған. Депутаттар, партияның бастауыш ұйымдары және барлық партиялықтар сын сағатта бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білді.
– Абай облысында орын алған жағдай бәріміздің қабырғамызды қайыстырды. Апат айтып келмейді. Оны біз, қостанайлықтар жақсы түсінеміз. Партияның облыстық филиалы Семейдегі әріптестермізбен хабарласып, қажет заттар тізімін алдық. Қостанайлықтар бірлесіп аудан-ауылдардан өз еріктерімен көмек қолын созамын деушілерден көмек жинадық. Киелі жер, Абай облысының халқына Алла сабыр берсін, – деді «AMANAT» партиясының облыстық филиал төрайымы Бибігүл Аққожина.