Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен Қостанай қаласы №1 емханасы бас дәрігерінің міндетін уақытша Жеңіс Қабылов атқаратын болды.
Жеңіс Жақсыбекұлы 1980 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 2006 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын «Жалпы хирургия» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы бастады. Хирург-дәрігер, бас дәрігердің орынбасары болып жұмыс істеді. «Денсаулық сақтау менеджменті» сертификатының иегері.
Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін Қарабалық аудандық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарып келді.