24 мая, 2025
Қостанайда Жұмысшы мамандықтарының жылы аясындағы форум өтті

Қостанайда Жұмысшы мамандықтарының жылы аясындағы форум өтті

Бүгін Қостанай қаласындағы «SMART» балалар орталығында жұмыс берушілер форумы өтті.

Форумның мақсаты – мектеп оқушылары мен колледж студенттерін өңірдегі жетекші кәсіпорындармен таныстыру, сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат беру және кәсіби бағдар беру.

Аталған форумға «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Қостанай облыстық филиалы да белсене қатысты. Филиал директоры Абылайхан Ерболұлы Алшынбаев өз сөзінде:

«Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында өткізіліп отырған бұл форум – жастарға нақты кәсіпті таңдауға шабыт беретін маңызды алаң. Біздің орталық жол сапасын бақылау арқылы ғана емес, сондай-ақ болашақ мамандарды даярлау ісінде де белсенділік танытып келеді. Мұндай іс-шаралар жастардың еңбекке деген құрметін арттырып, ел болашағына сенімді қадам жасауға ықпал етеді», – деп атап өтті.

Форум барысында студенттер мен оқушылар жол саласы мамандықтарының маңыздылығымен танысып, кәсіби бағытта пайдалы кеңестер алды.