Қостанайда жолаушының айфонын тартып алған такси жүргізушісі ұсталды (ВИДЕО)

Қостанайда жолаушының айфонын тартып алған такси жүргізушісі ұсталды (ВИДЕО)

Болған жағдай бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Оқиға түнде қаланың шағын аудандарының бірінде болды.

Екі бейтаныс жігіт зорлық-зомбылық көрсетіп, 650 мың теңге тұратын айфонды ашық түрде ұрлап кеткен.

“Белгілі болғандай, ойын-сауық мекемесінде демалып жүрген жәбірленуші таксиге қоңырау шалған. Жүргізуші досымен бірге келіп, сапар барысында жолаушылар арасында жанжал басталады. Нақыр соңында такси жүргізушісі мен оның досы жәбірленушіні ұрып-соғып, телефонын күшпен тартып алған. Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері қаскүнемдерді, 19 және 22 жастағы екі жергілікті тұрғынды анықтады. Олар ұрланған телефонды бөлшектеп, 100 мың теңгеге сатып жіберген”, – делінеді облыстық ПД хабарламасында.

Тонау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, сондай-ақ олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Кейін жанжалдың шығу себебі де белгілі бола бастағандай. Кейбір анықталған мәліметтерге сүйенсек, жолаушы масаң күйде болғандықтан, таксидің ақшасын дұрыс төлей алмаған.

Жаңалықтармен бөлісу