Қостанайда ер адам қара бояудың көмегімен жол сызығының бір бөлігін бояп, оны өзіне ыңғайлы етіп жасағаны үшін жазаланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
“Жол қозғалысын ұйымдастыруға осылай өз бетінше әрекет жасау жол апатына себеп болуы мүмкін. Салдарынан азаматтарға айтарлықтай материалдық шығын келтіріледі немесе адамдарға қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан мұндай әрекеттерді полиция қатаң түрде тоқтатып, кінәлі адамдарды заңмен белгіленген жауапкершілікке тартады”, – деді Қостанай облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Алексей Милюк.