23 мая, 2025
Қостанайда жол апатына қатысты тексеру жұмыстары басталды 

Қостанайда жол апатына қатысты тексеру жұмыстары басталды 

Майлин мен Пушкин көшелерінің қиылысында Lada Granta және Chevrolet Cobalt автокөліктері қақтығысты.

Салдарынан екі адам дене жарақатын алды. Оқиға орнына полиция мен шұғыл қызмет қызметкерлері жедел келді.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайлары мен себептерін анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Полиция жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға және жолдарда өте сақ болуға шақырады.