Қостанайда жергілікті кәсіподақтар аумақтық құрылымдарының үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Қостанайда жергілікті кәсіподақтар аумақтық құрылымдарының үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Үйлестіру кеңесінің жұмысы оның құрамына жаңа мүшелерді енгізуден басталды. Атап айтқанда,  Гүлнар Донбаева банк мекемелері қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы” ҚБ ҚОФ төрағасы және  Балбөпе Ертаева “Қостанай облысының кәсіпкерлік қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы” ҚБ төрағасы кеңес құрамына енді.

 

Отырыс барысында ҚРКФ Бас кеңесінің отырысы туралы ақпаратпен “Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы” АКБ төрағасы Ирина Аронова сөз сөйледі.

– 2024 жылы лайықты еңбек жылын өткізу шеңберінде кәсіподақтардың негізгі күш-жігері еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы мәселелерді реттеуге, үшжақты ынтымақтастықты нығайтуға, еңбек дауларын шешуде еңбекшілердің мүдделерін қорғауға бағытталды. Кәсіподақтар федерациясы қоғамдық-саяси қызметте және халықаралық аренада өз жұмысын жандандырды. Осылайша, су тасқынынан зардап шеккендерге айтарлықтай көмек көрсетілді. ҚРКФ санаторийлерінде 214 адам орналастырылды, тұрғын үйден айырылған адамдарға тұрмыстық техника сатып алуға 45 сертификат табысталды. Қазақстан кәсіподақтары Үкіметтің Қазақстанда АЭС салу жөніндегі бастамасын қолдады, – деп атап өтті Ирина Петровна.

2024 жылдың қорытындысы және 2025 жылға арналған міндеттері туралы Кәсіподақ орталығының бас маманы Сәуле Нұрмағамбетова сөз сөйледі.

Бүгінгі таңда аймақтың кәсіподақтары ақпараттық кеңістікте кеңінен ұсынылған. Федерация атап өткендей, соңғы жылдары кәсіподақтардың БАҚ пен әлеуметтік желілердегі жұмысының жариялану деңгейі айтарлықтай өскен. Мәселен, 2024 жылдың 11 айында Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы БАҚ-та 428 жарияланым мен баяндама, әлеуметтік желілерде 998 жарияланым шығаруды қамтамасыз етті.

Салалық және жергілікті кәсіподақтар төрағалары қазақстандық кәсіподақтардың 120 жылдығы мен ҚРКФ-ның 35 жылдығын мерекелеуге арналған медиа-жоспарды бірлесіп талқылады. Негізгі жобалар мен акциялар талқыланып, кәсіподақтардың алдағы кезеңге арналған жоспарлары айқындалды.

Диана Алмасқызы

ҚӨУ 3 курс

студенті

Жаңалықтармен бөлісу