Бүгін 112 пультіне Чехов көшесіндегі жеке тұрғын үй аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына дереу өрт сөндіру бөлімдерінің күштері мен құралдары және Апаттар медицинасы орталығының медициналық бригадасы жіберілді. Құтқарушылар келгеннен кейін үйдің шатыры мен шаруашылық құрылысының жанғаны анықталды.
Видеоплеер
00:00
00:00
Құтқарушылардың кәсіби және үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталуда.