Қостанайда жаңа отыз бес аялдама пайда болады

Қостанайда жаңа отыз бес аялдама пайда болады

Қаланың маршруттық желісінде 38 маршрут бар.

Желіге күн сайын 193 автобус шығады. 2021 жылы елу автобус сатып алынса, 2023 жылы елу автобус күрделі жөндеуден өткен. Ал былтыр тағы төрт автобуспен толықты.

“Қазіргі таңда 113 автобус сатып алынса, оның 109-ы мемлекеттік қолдаумен алынды. Мұның сыртында 28 автобусқа ақы төленім, келісім-шарт жасалды. Өткен аптада да 12 метрлік жаңа автобустар келді. Бұл бағыттағы жұмысты жалғастыру керек. Қоғамдық көліктерде GPS орнатылған. Тұрғын аялдамада уақытын жоғалтпау үшін, автобустың қай жерде келе жатқанын көре алады. Сондай-ақ, қоғамдық көліктердің 82 пайызы пандустармен жабдықталған. Бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу керек. Мен бұл мәселені ерекше бақылауда ұстауды тапсырамын. Өйткені қол жетімді көлік – бұл жай жағна ыңғайлылық емес, көптеген азаматтар үшін қажеттілік”, – деді Құмар Ақсақалов.

Қаладағы аялдама мәселесі де көтерілді. 2023 жылы 26 аялдама заманауи қалыпта орнатылса, оның он бірі жылы аялдама.

Биыл да 35 аялдама орнату жоспарлауда. Оның үшеуі жылы аялдама.

“Жылы аялдамалар қала тұрғындарына ыңғай болуы керек. Десек те, жылы аялдамалар үй жоқ адамдардың мекеніне айналғаны да жасырын емес. Түнімен түнеп жатқандықтан, таңертен адамдар жылы аялдамана ене алмай тұрады. Сондықтан бұл мәселені шешуді тапсырамын. Түн мезгілінде, қоғамдық көліктер тоқтаған соң, жауып отыру қажет. Тазалық мәселесін де қолға алыңыздар”, – деді Құмар Ақсақалов.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Суретке түсіргендер – Жансая Сәбитбек, Бердіболат Көркембаев

 

Жаңалықтармен бөлісу