Жазғы мезгілде жағажай маңынан 22 871 бала көзге түссе, соның үш мыңға таяуы ересектердің қарауынсыз жүргені анықталған. Ол туралы қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бибі Қарыбаева мәлімдеді.
Оның айтуынша, үлкендерсіз өзенге барған балалармен жеке-жеке түсіндіру, ақпараттандыру жұмысы жүргізіліп отырған.
Жүргізілген рейдтер нәтижесінде 38 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 25 хаттама толтырылған.
«Полиция және жол қызметімен бірге акция, флешмобтардан бөлек рейд өткіздік. Мамандар су айдындарында балалар үшін экскурсия ұйымдастырып, судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді. Алаңның жұмысына 125 мектеп қызметкері тартылды. Бәрі өз еріктерімен ортақ іске жұмыла кірісті. Жазғы мезгілде жағажай маңынан 22 871 бала көзге түсті. Соның үш мыңға таяуы ересектердің қарауынсыз жүргені анықталды. Жүргізілген рейдтер нәтижесінде 38 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 25 хаттама толтырылды», – деді Бибі Қарыбаева.
Жаз қызығы өзенге түсу екені рас. Алайда, бір сәттік қызықтың арты мәңгілік өкінішке әкеліп соғуы мүмкін. Сол себепті қауіпсіздік талаптары қатаң сақталғаны абзал еді.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті түсірген Василий Васильев
