Қостанайда үй салу бәсеңдемейді

Қостанайда үй салу бәсеңдемейді

Қостанай қаласында тұрғын үй салуға бөлінген ақшаның 13,2 млрд теңгегі игерілген. Өткен жылы 103 баспана салу жоспарланып, 27-і пайдалануға берілді.

Биыл да бес көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталады. Сондай-ақ, 1,6 млрд теңге 69 бір қабатты коттедж үлгісіндегі жер үйлер салынып жатыр.

            “Қонайда салынатын бір қабатты баспаналдың аумағы 100 шаршы метр болады. Көппәтерлі бес тұрғын үй “Береке” ауданында бой көтереді. Ол тамыз айында пайдалануға беріледі. Биылға 76 баспана салу жоспары тұр”, – деді Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы Раиса Айткужинова.

Айта кетейік, былтыр біріңғай үлгідегі екі қабатты үйлердің құрылысына бір миллиардтан астам қаржы бөлінген. Ол қаржыға “Қонайда” 16-кварталда 21 үй, 19-кварталда 15 және 22-кварталда 19 үй салынуы керек еді. Мердігер “ГрадСтройСервис” серіктестігі құрылысты мерзімінде аяқтай алмады. Енді биыл жалғастырады. Жалпы бұл ауданда 124 тұрғын үй салынады.

Қала әкімі Марат Жүндібаев жер телімінде кезекте тұрғандар бірнеше рет жүгінгенін жеткізді. Айтуынша олар өздері үй құрылсын жүргізуді қалайды екен. Алайда жер онда тәртіппен берілмейді.

            “Өтініштерін орындай алмаймыз, өйткені аудан инфрақұрылымына бюджеттен көп қаржы бөлінді. Инженерлік коммуникация жүйесінің өзіне 20 млрдтан астам қаржы салынды.  Егер жер телімдерін берер болсақ, бірыңғай архитектуралық стиль болмайды. Бірі саманнан салады, бірі ағаштан, нәтижесінде бейберекеттік орын алады. Шығын шығарып тартылған коммуникацияларды да бәрі пайдаланбау мүмкін. Тиісті нәтижеге қол жеткізе алмаймыз”, – деді Марат Жүндібаев.

Жоғарыда айтылған жер үйлер “Отбасы банкі” арқылы беріледі. Бұл ретте жаңа үйдің құны нарық бағасынан екі есе төмен бағада сатылмақ және осы банктің салымшылары ғана ала алады.

            “Біз салып жатқан жер үйдің бір шаршы метрі 170 мың теңге. Нарықта осындай жер үйлердің бір шаршы метріне 340 мың теңге. Бюджет жарты бағасын өтеуді өз мойнына алады. Сатып алған қоныстанушыға 110 шаршы метр үй небәрі 18 млн теңгеге шығады. Онымен қоса, 10 сотық жер беріледі. Бұл өте төмен баға”, – деді қала әкімі.

Шаһар басшысы жер үйлердің нарықтағы бағасы орташа есепен 55 млн теңге екенін айтады. Бар аяғы “Қонайда” 1970 жер үй салу жоспарланып отыр. Бірақ оның бәріне уақыт қажет. Бюджеттің мүмкіндігіне иек артатынын жеткізді.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Жаңалықтармен бөлісу