Қостанайда «Тұлпар мініп, ту алған!» облыстық жобасының қорытынды сайысы өтіп жатыр

Қостанайда «Тұлпар мініп, ту алған!» облыстық жобасының қорытынды сайысы өтіп жатыр

Бүгін Қостанайдағы I-QOSTANAY балаларға арналған SMART-орталығында «Тұлпар мініп, ту алған!» облыстық жобасы аясында ұйымдастырылған «Алпамыс батыр жыры» облыстық байқауы өтіп жатыр.

Аталған іс-шара ұлттық мәдени мұраны дәріптеуге, жастардың ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын арттыруға және батырлық эпос негізінде патриоттық тәрбие беруге бағытталған. Бұл жоба Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен үндеседі. Сайыс бүкіл өңірді қамтып, оқушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды.blankМектепішілік кезеңге облыс бойынша 9094 мыңнан астам оқушы қатысты. Аудандық және қалалық кезеңдерде 568 қатысушы бақ сынады. Іріктеу қорытындысы бойынша облыстық финалға облыстың 36 мектебінен 44 оқушы жолдама алды. Қатысушыларды 42 жетекші дайындады.blank

blank
Аудандық және қалалық кезеңдерді өткізу барысында қатысушыларды ынталандыруға 870 мың теңге бағытталды, оның ішінде 730 мың теңге бюджеттен бөлінсе, 140 мың теңге демеушілер есебінен қамтамасыз етілді.

blank

blankОблыстық байқаудың жүлде қоры 1, 2 және 3 орын иегерлеріне арналған жалпы сомасы 3,6 млн теңге юолатын ақшалай сертификаттарды қамтиды.
Байқаудың Гран-при жүлдесі — оқушыға шетелдегі халықаралық тілдік лагерьге жолдама. Ал жеңімпазды дайындаған жетекшіге автокөлік табысталады.blankІс-шараның серіктестері мен демеушілері «Қазақ тілі қоғамы» халықаралық қоғамы, М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті және «Аманат» партиясы екенін естеріңізге сала кетейік.blankЖеңімпаздар есімі бүгін сағат 17:00-де өтетін марапаттау рәсімде белгілі болмақ.