Қостанайда Триатлон саябағы құрылысы толық аяқталды

Қостанайда Триатлон саябағы құрылысы толық аяқталды

Қостанай қаласындағы Триатлон саябағы тұрғындар арасында танымалдыққа ие болып үлгерді. Бұл жоба қазір аяқталу кезеңіне таяды. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов аталған демалыс аймағына арнайы барып, жұмыс барысымен танысты.
Триатлон саябағының аумағы – 39 гектар. Қала әкімі Марат Жүндібаевтың айтуынша, саябақтың құрылыс жобасын үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. Алғашқы бастамасында 2020 жылы айналаны қоқыстан тазарту, шөбін шабу шаруалары қолға алынды. Аумағына тас төсемдер төселіп, велосипед және жүгіру жолақтары салынды. Жеңіл-желпі жөндеуден өтті. Екінші кезеңінде 2023-2024 жылдары ауқымды жұмыстар басталды. Жағалау аймағын нығайту қолға алынды. Көшеттер отырғызылып, абаттандыру ісі жүргізілді. Балалар мен спорттық алаңдары салынды. Жергілікті билік келесі жылы қосымша футбол алаңын салу мәселесін қарастырмақ.blankblankblank Үшінші кезеңінде жарықтандыру, суару, бейнебақылау жүйелерімен жабдықтау жүргізілді. Қазір жоспарланған шаруалар бәрі атқарылған. 20 қыркүйекке дейін суару жүйесін толық реттеп, құрылыс нысандарын қабылдау ісі қалып отыр.

«Орнатылған нысандардың бәрі жұмыс істеп тұр. Кіреберіс аймағының құрылысы бітті. Қазір нысанды қабылдап алу міндеті тұр. Мұнда бұқаралық демалысқа арналған жағдай жасалған. Негізгі жұмыстарды биылғы қыркүйекте аяқтаймыз. Бұған дейін саябақ жобасының мердігері ретінде алматылық ұйым бекітілген-ді. Алайда ол жауапсыз деп танылды. Сондықтан жобаны өзіміз аяқтаудамыз», – деді Қостанай қаласының әкімі.blankblankblankblankblankМұнда қазір шамамен 6 мыңнан аса ағаш отырғызылған. Алда жаппай көгалдандыру ісі тұр.blankblankblankblank

Қымбат ДОСЖАНОВА
Суреттерді түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ