Қостанайда төрт баланы құтқарған азамат марапатталды

Қостанайда төрт баланы құтқарған азамат марапатталды

Қостанайда 31 мамыр күні ерлік оқиғасы болды. Андрей Цимбал есімді азамат Тобыл өзенінің жағасында балық аулап жүріп, жақын маңда үлкендердің қарауынсыз шомылып жүрген балалардың су ағысына ілініп кеткенін байқайды.

Бір сәт те ойланбастан суға секіріп, өз өмірін қатерге тіге отырып, төрт бірдей баланы жағаға алып шықты.

Бұл батыл әрекеті елеусіз қалмады. ТЖД-де өткен салтанатты іс-шарада Андрей Цимбал Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің атынан «Суға батқан адамдарды құтқарғаны үшін» ведомстволық медалімен марапатталды.

Марапатты облыстық ТЖД бастығы Дамир Ермағамбетов табыстап, батыр азаматқа алғыс білдірді:

– Сіздің әрекетіңіз – айналаңыздағы адамдарға үлгі. Сіз тек балалардың өмірін ғана құтқарып қойған жоқсыз, сонымен қатар қиын сәтте адам болып қалудың қаншалықты маңызды екенін көрсеттіңіз, – деді департамен басшысы.

Бұл оқиға — нағыз ерліктің, батылдық пен адамгершіліктің үлгісі.