Тазалық акциясы облыста жаңа форматта жүзеге асты 

Тазалық акциясы облыста жаңа форматта жүзеге асты 

Алексеев археологиялық кешенінде «Жастар еңбек жасағының» қатысуымен экологиялық квест ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты — тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтау, жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және туған өлкенің табиғатына ұқыпты қарауға тәрбиелеу болды.

blank Экологиялық квест барысында жастар еңбек жасағы кешен аумағын тазарту жұмыстарын жүргізіп, жиналған қоқысты экологиялық талаптарға сай сұрыптап, арнайы орындарға жеткізді.

blank

Тазалау жұмыстарынан кейін қатысушылар үшін танымдық экологиялық жорық ұйымдастырылып, табиғатты қорғаудың және тарихи орындарды сақтаудың маңыздылығы жайлы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

blank

Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай квестердің жастар үшін тәрбиелік маңызы зор:

«Біздің мақсатымыз – жас ұрпақтың бойында табиғатқа және тарихи мұраға деген жауапкершілікті қалыптастыру. Алексеев археологиялық кешені — бұл тек қана тарихтың ізі емес, сонымен қатар болашақ ұрпаққа қалатын мұра. Жастар бұл шара арқылы табиғатты да, тарихты да қадірлеуді үйренеді», – дейді іс-шара ұйымдастырушылары.

Іс-шара соңында белсенді қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.