Қостанайда рұқсатсыз жұмыс істеген шетелдік жұмысшылар ұсталды

Қостанайда рұқсатсыз жұмыс істеген шетелдік жұмысшылар ұсталды

Қостанайдағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде республикалық «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында көші-қон полициясының қызметкерлері учаскелік инспекторлармен бірлесіп, шетел азаматтарын еңбек қызметіне заңсыз тарту фактісін анықтады.

Анықталғандай, 11 еңбек мигранты СОО-дағы коммерциялық үй-жайда тиісті рұқсат құжаттарынсыз монтаждау жұмыстарын жүргізген. Барлық құқық бұзушылар әрі қарай мән-жайды анықтау үшін полиция басқармасына жеткізілді.

Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны, яғни шетел азаматтарының рұқсатсыз еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін олар жауапкершілікке тартылады.

Жақын уақытта сот шешім қабылдайды, соның ішінде құқық бұзушыларды ел аумағынан шығару мәселесі де қаралады.

Айта кету керек, шетел азаматтары облыс орталығына келгеннен кейін бірнеше күн ішінде анықталған.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз шетелдік жұмыс күшін пайдаланғаны үшін жұмыс беруші де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Қайрат Дүтпаевтың айтуынша, жыл басынан бері облыста көші-қон заңнамасының 1,5 мыңнан астам бұзушылығының жолы кесілген.