Қостанайда қызылшаға қарсы егу шаралары басталды

Қостанайда қызылшаға қарсы егу шаралары басталды

Қараша айынан бастап Қостанай облысының медициналық ұйымдарында 6-10 айлық балаларға қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы қосымша иммундау басталды. Желтоқсан айында қызылшаның егу мәртебесіне қарамастан 2-4 жастағы балалар вакцинациялана алады. Әзірге 217 бала қосымша иммундалған.

            –Қызылша бойынша күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты елде қосымша иммундау енгізілді. Қостанай облысында сырқаттанғандар маусым айында көп болған. 48 науқас тіркелген. Қалған айларда аурушаңдық 2-ден 7 жағдайға дейін болды, – дейді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ермұханбет Даулетбаев.

Бүгінгі таңда өңірде осы инфекцияның 98 жағдайы тіркелген. Жұқтырғандардың көпшілігі 14 жасқа дейінгі балалар (66 жағдай).

Айтолқын АЙҚАДАМОВА

Жаңалықтармен бөлісу