Қостанайда құнды тауарды Ресейге алып өтпек болған күдіктілер ұсталды

Қостанайда құнды тауарды Ресейге алып өтпек болған күдіктілер ұсталды

Қазақстанда тіркелген “А” ЖШС 640 серверді шетелге шығаруға тырысқан. Олар құны 230 млн теңгеден асатын криптовалюта өндіруге арналған жабдықты Ресей Федерациясына заңсыз әкетпек болған.

Күдіктілерді облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері  “Қайрақ” бекетінде  құрықтады.

“Осы оқиға бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабымен әкімшілік іс қозғалып, қазіргі уақытта аяқталды. Сот шешімімен барлық жүк мемлекет кірісіне тәркіленіп, 25 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды”, – дейді департамент өкілдері.

МКД “Ерекше тауарларды бақылау туралы” ҚР Заңының нормаларына сәйкес тиісті рұқсат құжатсыз нақты тауарларды тасымалдауға тыйым салынғанын еске салады.

Жаңалықтармен бөлісу