Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл шеңберінде ІІМ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, интернет-алаяқтыққа шетелдік азаматтардың қатысы бар екенін анықтаған.
ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев Запорожье қаласында алаяқтардың екі call-орталығы жойылғанын айтады. Қаскүнемдер өздерін банктер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, қазақстандықтарға қоңырау шалған. Сөйтіп олардың шоттарының деректерін алуға тырысқан.
“9 адам ұсталды. 17 компьютер, 62 мобильді құрылғы, сондай-ақ 35 грамм “метадон” препараты тәркіленді”, – дейді Шыңғыс Алекешев.