30.07.2025
Қостанайда қазақ журналистеріне арналған қаржылық сауаттылық пен жасанды интеллект бойынша тренинг өтті

Қостанайда қазақ журналистеріне арналған қаржылық сауаттылық пен жасанды интеллект бойынша тренинг өтті

Іс-шараны Түркітілдес журналистер қоры мен Халық банкі бірлесіп ұйымдастырып отыр.Тренинг аясында медиа саласының жас мамандары Ерсұлтан Хожалепес пен Бауыржан Гаппаров жасанды интеллекттің медиадағы ықпалы мен оны тиімді қолдану жолдарын көрсетті.

Семинарға қатысушылар жаңа технологиялармен танысып, фейк ақпаратпен күресу жолдарын үйренді. Тренингте сөз сөйлеген медиа сарапшы Назия Жоямергенқызы жасанды интеллекттің журналистикадағы рөліне тоқталды.

«Жасанды интеллект – бұл тек мәтін жазу құралы емес. Оны дерек жинауға, сұрыптауға, сараптауға, тіпті ақпараттың фейк не рас екенін ажыратуға да пайдалануға болады. Бірақ оның өз шектеулері бар», – деді ол.

Семинар соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

Қымбат Досжанова

Суретке түсірген Жанел Құттыбай