Бүгін Қостанайда наурыз мейрамына және Ұлттық спорт күніне арналған қазақ күресінен Қостанай қаласының ашық турнирі өтіп жатыр.
Жүлде қорынан салмақ бойынша 1 орынға-70000 теңге, 2 орынға-35000 теңге, 3 орынға- 20000 теңге берілмек. Ал Түйе палуанның бас жүлдесі 300000 теңг. 2 орынға-200000 қарастырылған.
“Қазақ күресі қарқынды дамып жатыр. Үлкен жобалар қолға алынды. Әлемдік деңгейде жарыстар өтіп жатыр. Өсіп келе жатқан жастарымыздың бұл спорт түріне деген қызығушылығы жыл санап артып, үздіктер қатарын толықтырып отыр”, – дейді Қалалық спорт бөлімінің басшысы Жәнібек Жұрқабаев.
Қазір жеке салмақ дәрежесінде бәкелер өтіп жатыр.
Түстен кейін ашылу салтанатынан кейін түйе палуан басталады.
Ұлттық спорт күніне орай қаламыздың әр спорт мекемелерінде бұдан да басқа тоғызқұмалақтан, көркем гимнастикадан, үстел теннисінен жарыстар басталды. Онда бес жүзден астам спортшылар бақ сынауда.