Қостанайдағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында өрт сөндірушілердің кәсіби дайындығына арналған оқу-жаттығу манежінің (башняның) құрылысы қарқынды жүріп жатыр.
Бүгінгі таңда нысанда металл қаңқасын орнату, дәнекерлеу және бекіту, саты жолақтары мен жаттығу алаңдарын монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Бұл құрылыс құрылымдары өрт сөндіру барысында жиі кездесетін биіктікке көтерілу, терезе арқылы эвакуациялау және арқанмен түсу жаттығуларын пысықтауға арналған.
Манеждің негізгі мақсаты — төтенше жағдайлар кезінде жеке құрамның кәсіби дағдысын жетілдіру, физикалық дайындықты арттыру және оқу-жаттығу процестерін жүйелеу. Жаңа нысан қызметкерлердің күнделікті даярлығын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
Жаңа оқу-жаттығу манежі — бұл тек нысан ғана емес, Қостанай өңіріндегі азаматтық қорғау саласының сапалы дамуына жасалған нақты қадам.
208
