15 мая, 2025
Қостанайда кран құлап, бір адам қаза тапты

Қостанайда кран құлап, бір адам қаза тапты

Қостанайда салынып жатқан нысанда құрылыс краны құлап, салдарынан бір адам оқиға орнында көз жұмды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Облыстық Полиция департаменті берген мәлімет бойынша, оқиға бүгін сағат 12:50-де болған.

«Шаяхметов көшесіндегі салынып жатқан нысанда кран құлады, салонда 49 жастағы ер адам болған, ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Дерек бойынша, Қылмыстық кодекстің 277-бабы 2-бөлігі («Адам өліміне әкеп соқтырған тау-кен жұмыстарын немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – делінеді облыстық ПД баспасөз қызметі хабарламасында.