30.07.2025
Қостанайда көпір астына жиналған қар суы көлік қозғалысын қиындатты (ВИДЕО)

Қостанайда көпір астына жиналған қар суы көлік қозғалысын қиындатты (ВИДЕО)

Қостанай қаласының Абай даңғылы бойындағы көпір астында (КЖБИ шағын ауданы) қар суы көп жиналып, көліктердің жүруіне кедергі келтіріп жатыр. Бұл маңдағы кәріз жүйесі көп мөлшердегі суды ағызып үлгере алмауда. Қазір «Капитал груп союз» ЖШС мердігер ұйымы су сору жұмыстарына кіріскен. Төмендегі видеоларды бізге оқырмандарымыз жолдады.

https://www.youtube.com/shorts/xBK534La1ms

https://www.youtube.com/shorts/N8MCDDWlncA

https://www.youtube.com/shorts/7maTLkAGbg8

Айта кетейік, биыл Абай даңғылына жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде осы тұстағы су өткізу құбырларын ауыстыру көзделіп отыр.