Қостанайда ІІМ академиясының 177 курсанты ант қабылдады

Қостанайда ІІМ академиясының 177 курсанты ант қабылдады

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы 1-курс курсанттарының ант қабылдау рәсімі өтті. Бұл сәт курсанттардың есінде мәңгі қалатыны сөзсіз.

– Ант беру рәсімі – әр курсанттың өміріндегі ерекше сәт. Отанды қорғау, халыққа адал қызмет ету, жарғымен белгіленген талаптарды орындау сіздер үшін міндет, азаматтық парыз. Қазақ елінің батыры Бауыржан Момышұлы айтқандай «Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін». Антқа адал болыңыздар! Қадамдарыңыз құтты болсын!,– деді Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Файзуллин.
Биыл ІІМ Қостанай академиясы өз қатарына елінің игілігі мен оның қауіпсіздігіне қызмет етуге дайын 177 курсантты қабылдады. Осы уақытқа дейін болашақ полицейлер өздерінің қызметтік міндеттерін орындауға дайын болу үшін арнайы жаттығулары мен жас жауынгерлік курстарынан өтіп келді.

Жаңалықтармен бөлісу