Қостанайда халықаралық турнир аясында балуанға пәтер сыйға берілді

Қостанайда халықаралық турнир аясында балуанға пәтер сыйға берілді

Қостанайда 15–17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен халықаралық турнир өтті. Оған алты елден 400-ден астам спортшы қатысты.

Турнир аясында Азия чемпионатының финалисі, қостанайлық балуан Юсуф Мациевке бас демеуші – «Alpamys Group» компаниясы атынан пәтер табысталды. Бұл – оның спорттағы жетістіктеріне көрсетілген құрмет.

Айта кетейік, «Alpamys Group» компаниясы және бірқатар жас кәсіпкерлер өңірде грек-рим күресін жүйелі түрде қолдап келеді.

blank blank blank

Қазіргі таңда олар федерацияның шамамен 30 спортшысына қолдау көрсетіп, жаттығу процесіне қажетті спорттық киім-кешек, дәрумендер және өзге де шығындарды қаржыландыруда.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай қолдау өңірде спорттың дамуына серпін береді.