Бұл науқанды Қоғамдық даму басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім» мекемесі Қазақстан халқының бірлігі күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арнап отыр.
Бүгін Гашек көшесі, 12/1 мекенжайында орналасқан «Романтик» аула клубының алаңында балаларға арналған меркелік іс-шара өтті.
Іс-шара аясында бүлдіршіндерге Қазақстан халқының бірлігі күні жөнінде айтылып, елімізде тұратын барлық ұлт пен ұлыстың татулығы мен достығы туралы баяндалды.
Сонымен қатар елдегі достық пен келісімнің ерекше нышаны – Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы сөз етілді.
Балаларға арналған аниматорлар бағдарламасы аясында қызықты ойындар, билер, викториналар ұйымдастырылып, тәтті сыйлықтар табысталды.