Қостанайда экологиялық іс-шаралар басталды

Қостанайда экологиялық іс-шаралар басталды

Наурызнаманың “Тазару” күнінде бір топ жас эстафета ұйымдастырып, экологиялық акцияға шықты.

Акцияның мақсаты адамдарға экологияға қамқорлық жасаудың маңыздылығын, қоршаған ортаны қорғауда экологиялық мәдениетті дамытуды еске салу болды. Қаламыздың еріктілері маңызды квесттен өтті. Өздеріне берілген тапсырмаларды табиғат аясында командаға бөлініп, жауабын тауып көрді. Ондағы сауалдар экологияны ғана емес, әр саланы қамтиды.

Акцияға қатысушылардың бірі Саят Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-дің 2 курсында оқиды. Болашақта білікті заңгер болуды армандайды.

Ол студенттік клубтармен әртүрлі іс-шараларға белсенді атсалысады. Сонымен қатар ЖРО және валонтерлер іс-шараларына да қатысып келе жатыр.

“Бүгін, Тазару күнінде валонтерлер ұйымдастырған квестке қатыстым. Жеңіс саябағында жастар “Тазарту” атты квесте экология мәселелеріне назар аударды. 4 станция бойы ойын ойнап, жұмбақтарды шешіп, жүгіріп, сергіп алдық. Демалыс күнімді осылай өткізгеніме қуаныштымын”, – дейді ол.

Бұл туралы толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ 

Жаңалықтармен бөлісу