Қостанайда жүз жиырмадан астам есірткі жарнамасының көзі жойылды

Қостанайда жүз жиырмадан астам есірткі жарнамасының көзі жойылды

32 жастағы Руслан Малахов полицияға бастама көтерді. Бей саналыққа бейжай қарамайтын қостанайлық жастар үйлердің қабырғасындағы есірткі жарнамаларын өшіруге көмектерін ұсынды.

Акцияға қатысуға ниет білдірген 20-дан астам еріктілер жиналды.

Оған Қостанай автомобиль көлігі колледжі мен Медицина колледжінің 60 студенті қосылды.

Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері оларды арнайы көлікпен, есірткі жарнамасын жоюға арналған бояғыш заттармен қамтамасыз етті.

“Әрқайсымыз интернет сілтемелері мен телефон нөмірлері бар жоғары табыс туралы ақпаратты қамтитын аялдамалар мен үйлердің қабырғаларындағы  жазуларды көрдік. Осылайша, заңсыз заттарды қашықтықтан тарататын есірткі сатушылар өз тауарларын осылай жарнамалап, адамдарға үлкен табыс ұсынады. Бір сөзбен айтқанда, “қойып кетуші” болуды ұсынады, – деді Қостанай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Айгүл Ераділова.

Руслан Малах бұрын мұндай ақпарат ауыздан- ауызға және әлеуметтік желілер арқылы берілсе, енді оған осылай қол жеткізетіндерін айтады. Соның ішінде қоғамның ең осал тобы – жасөспірімдерге де ашық ақпарат болып тұр.

Ол титтей  болса да адам өмірін сақтап қалатынына сенімді. Бұл іске қосылуға басқаларды да шақырады.

Бірнеше сағат ішінде акцияға қатысушылар 120-дан астам жазбаны жойды.

Өңірде жыл басынан бері полицейлермен заңсыз айналымнан 32 килограмм есірткі, оның ішінде 1,5 келі синтетика тәркіленді.

Жаңалықтармен бөлісу