Қостанайда екі пәтерлі  тұрғын үйдегі өрт ауыздықталды

Қостанайда екі пәтерлі  тұрғын үйдегі өрт ауыздықталды

Бүгін түнде Қостанайда жеке секторда екі пәтерлі тұрғын үйдің шатыры отқа оранған. Өрт туралы хабарлама 112 пультке келіп, шақыру орнына жедел-құтқару жасағы жіберілді.
Алғашқы бөлімшелер келгеннен кейін ғимараттың төбесі толығымен отқа оранғаны анықталды. Құтқарушылардың үйлесімді және жедел іс-қимылымен өртті 120 ш.м. алаңда оқшаулауға мүмкіндік туды. Осылайша, көрші құрылыстарға одан әрі таралуына жол берілмеді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.