Қостанайда  Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар  меркесіне  орай ашық есік күні  ұйымдастырылды

Қостанайда Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар меркесіне орай ашық есік күні ұйымдастырылды

Облысымызда мыңнан астам ҮЕҰ бар. Олар ең күрделі міндеттерді жедел шешуге көмек қолын беріп келеді.  Қоғамның осал тұстарына сеп беріп жүрген осы бір жандар марапатталды.

Ашық есік күнінде жаңа жобалар ұсынылды.  «Саналы ұрпақ» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұрбек Әбдібеков, облыстық үкіметтік емес ұйымдар орталығының  кеңесшісі  Марғұлан Бәкір әртүрлі секцияларда тренигтер өткізді.

Облыстық үкіметтік  емес ұйымдар ресурстары орталығының  жетекшісі  Динара Өтебаева үкіметтік емес ұйымдар мүшелерін меркелерімен құттықтады.

«Біз,  ҮЕҰ өкілдері азаматтардың ұсыныстары мен талаптарын қалыптастыру жолында еңбек етеміз.  Қоғам біз туралы жақсы  пікір қалыптастырып, әлеуметтік инновацияларды, азаматтық белсенділікті  дамытатын институтардың бірі ретінде таниды. Азаматтардың маңызды функцияларын жүзеге асыруға жәрдем береміз. Айналамызға жандар гуманитарлық көмек жинаумен айналысады, балалардың, мүмкіндігі шектеулі жандар мен жануарлардың мүдделерін қорғауға асығады. Мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіреді. Олардың көпшілігі республикалық және халықаралық  деңгейде масштабталады», – деп атап өтті  облыстық үкіметтік  емес ұйымдар ресурстары орталығының  жетекшісі, “ГрИн” Азаматтық альянсы қоғамдық қорының төрайымы Динара Өтебаева.

Ашық есік күнінде  үздік қоғамдық бірлестік ұйымдарына  облыс-әкімінің алғыс хаттары мен грамоталары табыс етілді. Марапатталған жандардың қатарында «Тұмар»  мүгедектер  қауымдастығының төрайымы Лейла Балғабаева да бар.

«Келген адамдардың қолын қайтармаймыз. Әрдайым көмек көрсетуге дайынбыз.  Қиындыққа тап болған әлеуметтік ортада ерікті боламыз.  Әр ауданға іссапарлармен барып, мүгедек жандардың жағдайын біліп отырмыз.  Жуырда «Асар үмеге» хат жолдап, шалғайдағы осындай екі отбасына қаладан екі үй алып берді. Қазіргі таңда жаңа мекенжай бойынша жәрдем алу құжаттары дайындалып, кеңестер беріліп жатыр. Бұл еңбегімізді бағалап жатқанына өте қуаныштымын», – дейді Лейла Балғабаева.

Әсел ҚИБАШ

Жаңалықтармен бөлісу