Қостанайда “CyberPol” қызметкерлері бірқатар алаяқтық қылмысты ашты

Қостанайда “CyberPol” қызметкерлері бірқатар алаяқтық қылмысты ашты

Қостанай облысының полициясына Қостанай қаласының 6 тұрғынынан “Сіздің қызыңыз жол көлік оқиғасына түсті” деген дәстүрлі схеманы пайдалана отырып, оларды алаяқтар алдағаны туралы арыз келіп түсті. Залал сомасы 20 млн. теңгеден асады.

 

Барлық өтініштер бойынша ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі “Алаяқтық”бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеуге “Cyberpol” бөлімшесі мен Қостанай қаласы полиция басқармасының қызметкерлері кірісті.

 

-Жедел-тергеу іс-қимылдарын жүргізу кезінде облыс орталының 6 тұрғыны зардап шеккені анықталды. Олардың барлығы зейнеткерлік және зейнеткерлік жасқа дейінгі адамдар. Оларға үй телефонына қоңыраулар келіп түсті және белгісіз адамдар туыстарының апатқа ұшырағанын хабарлады. Алаяқтар қолда бар ақшаны беруді сұраған, – деді “CyberPol” бөлімшесінің қызметкері Олжас Мағыпаров.

 

Сонымен бірге, жәбірленушілер жәбірленушілердің үйіне келіп отырған қызға ақша берген. Оның сыртқы келбеті туралы сипаттамалар әр түрлі болды. Ол жасанды шаш ауыстырып отырған. Оның үстіне қара көзілдірікті және әртүрлі бас киімдерді – орамалдан қалпаққа дейін қолданған.

 

– Алаяқ Қостанай қаласындағы қонақ үйлердің бірінде люкс нөмірінде ұсталды. Одан 800 мың теңге сомасында ақша алынды. Ол қалған қаражатты қымбат телефон, заттар мен ойын – сауық құралдарын сатып алуға жұмсаған, – деп жалғастырады Олжас Мағыпаров.

 

Қазіргі уақытта күдікті ҚР ҚІЖК-нің 128-бабы тәртібімен ӘТҚ-ға қамалды.

 

Қостанай облысының Полиция департаменті кезекті рет азаматтарды абай болуға шақырды. Алаяқтар жаңа схемаларды ойлап тауып қана қоймай, бұрыннан келе жатқан сценарийлерді де қолданады. Бұл ретте полицейлер заңсыз әрекеттері немесе әрекетсіздігі үшін адамдарға ақша беру қылмыстық жазаланатын іс-әрекеттер болып табылатынын еске салады.

 

Полиция азаматтарды мұқият болуға, алаяқтардың қулықтарына түспеуге шақырады.  Ақпаратты тексеру, жақын адамыңызға қоңырау шалып және мұндай фактілер туралы полицияға хабарлау қажет.

 

Жаңалықтармен бөлісу