Қостанайда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Қостанайда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Оған Қостанай, Рудный қалаларымен қоса 14 аудан қатысты. Жәрмеңкеде 70-тен астам шаруашылық жүргізуші субъектілердің өнімдері ұсынылды.

«Жәрмеңке жоғарғы жеңгейде ұйымдастырылды. Бұл біз үшін үлкен мүмкіндік деп есептеймін. Мен бүгінгі жәрмеңкеге ет, сүт өнімдерін алып келдім. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан келушілер де аз емес. Аздап тоңғанымыз болмаса, көңіл күй жаман емес. Ыстық шаймен жылынып, келушілерге жақсы қызмет көрсетуге тырысып жатырмыз», –дейді Қостанай ауданы Майкөл аулынына келген Роза Құтжанова.

Айта кету керек, өнімдер нарықтық бағадан тікелей өндірушілерден 10-15% төмен бағамен сатылды. blank blank Күннің салқындығына қарамастан қала тұрғындары лег-легімен келіп жатты. Келушілер де базар бағасымен салыстырғанда өнімнің арзандығын айтып, ризашылықтарын білдіруде.

«Азық-түлік бағасы жыл сайын өсуде. Жәрмеңкені аралап шықтым, қаладағы сауда орындарының бағасымен салыстырғанда айырмашылық байқалады. Мұндай шара көптеп өткізіліп тұрса игі еді. Өнімнің барлық түрінен аздап алдым. Енді мұны үйге қалай жеткіземін», – деп күлімсіреді жәрмеңкеге келуші қала тұрғыны Гүлмира.

Бота Манет