Бүгін Қостанайда арнайы қызметтердің қатысуымен кешенді оқу-жаттығу өткізіледі. Бұл туралы облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасы хабарлады.
Іс-шара сағат 15:00-де ҚР Ұлттық Банкі Қостанай филиалының аумағында ұйымдастырылады.
Жоспарлы оқу-жаттығудың мақсаты – төтенше жағдай туындаған жағдайда полиция, өртке қарсы қызмет және жедел медициналық көмек бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасау дағдыларын жетілдіру.
Осыған байланысты Тәуелсіздік-Баймағамбетов, Пушкин-Баймағамбетов, Қозыбаев-Пушкин көшелерінің қиылысында қозғалыс уақытша шектеледі.
Аталған учаскелерде автокөлік пен жаяу жүргіншілерге арналған қозғалыс уақытша тоқтатылады. Қостанай облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға шақырады.
Мемлекеттік органдардың заңды талаптарына бағыну және тек ресми ақпарат көздеріне сену қажеттілігі ерекше атап өтілді.
