Қостанайдағы Узкоколейная көшесінде орналасқан асфальт зауытының аумағында битум-қыздыру станциясынан өрт шықты.
Оқиға төтенше жағдай қызметінің жедел қимылының арқасында бақылауға алынып, үлкен залал келтірілмеді.
Өрт сөндірушілер өртке дер кезінде жетіп, кәсіби және үйлесімді іс-қимыл көрсетіп, жалынның зауыт аумағына таралуының алдын алды. Нәтижесінде өрт шағын аумақта оқшауланып, сөндірілді.
Азаматтарға кез келген төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне шұғыл түрде хабарласу ұсынылады.