Қостанайда Аналар кеңесінің отырысы өтті

Қостанайда Аналар кеңесінің отырысы өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің Қостанай облысындағы жұмыс сапары аясында «Инклюзивті қоғам – заманауи тәсілдер мен шешімдер» отырысы өтті.

Жиынға ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі, қоғам қайраткері, жазушы, аудармашы, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, жерлесіміз Камал Әлпейісова, кеңес төрағасының орынбасары Баян Ахатай, Qonaev Media телеарнасының бас продюсері, журналист Қымбат Досжан және басқа да құрметті қонақтар қатысты. blankАлғы сөзді туған жерге төркіндеп келген Камал апамыз бастап, Тобыл өңіріндегі іссапардың мақсат-міндетін баяндады. Өз атынан облыстық кеңестің ардагері Лилия Саркисянға арнап әкелген оқалы қамзолды облыстық кеңес төрағасы Ақжан Алтыбаеваға табыс етті. Мұнымен қоса, Камал Әлпейісова жергілікті кеңестің бірнеше мүшесіне «Өмір бояулары» атты кітабын сыйға тартты. Биыл 70 жас мерейтойға толып отырған қаламгерімізге де сый-құрмет көрсетілді.  blankblankblankblankblank Облыстық Аналар кеңесі өкілдерінің басын қосқан іс-шарада тақырып шеңберіндегі тағылымды ой-пікірлер ортаға салынды. Алғашқы баяндаманы облыстық Аналар кеңесінің төрағасы Ақжан Алтыбаева жасады. Ол өңірдегі 22 кеңестің жалпылама қызметіне тоқталды.

«Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт»  жобасы аясында аудандарда көшпелі іс-шаралар жүргізіліп, Аналар кеңесі мүшелері мен кәсіби психолог, заңгер мамандар әйелдер қауымына консультациялық көмек көрсетеді. Аталған іс-шаралар аясында облыстың барлық аудандары қамтылып, 5000 жуық адамды қамтыды. Полиция департаментімен меморандумға қол қойып, бес әлеуметтік кеселдің, оның ішінде зорлық-зомбылық пен нашақорлыққа қарсы іс-шараларды бірлесе өткізіп келеді. «Адал Азамат» және «Заң мен тәртіп» бастамаларымен өзара байланыста жүзеге асырылатын «Салауатты сана» жобасы бастау алды. Жоба аясында прокуратура, құқық қорғау органдары, ювеналды полиция өкілдері, сондай-ақ Ақсақалдар кеңесінің қатысуымен оқушылармен кездесулер ұйымдастырылды», – деді Ақжан Алтыбаева.blankblankОл қайырымдылық қызметі кеңес жұмысының басым бағыттарының бірі екенін айтты. «Ана үйі» ресурстық орталығында және бейімдеу орталығында тұратын жалғызбасты аналар мен балаларға қолдау көрсетіп, өзекті мәселелерін шешуге ықпалдасып келеді. Жасөспірімдердің жыныстық тәрбиесі мен репродуктивті денсаулығына арналған кездесулерді тұрақты түрде өткізіп тұрады. Қолға алған жобалары мен жоспарлары аз емес.blankЖалпы, әр облыстағы Аналар кеңесі қоғамдағы толғаулы мәселелердің біріне басымдық беріп, оның шешімін іздеуге күш жұмылдырады. Біздің өңірдегі кеңестің нысанаға алған міндеті – инклюзивті қоғамның қалыптасуына үн қосу. Отырыста ерекше қажеттілігі бар балалар мен ересектерді әлеуметтік ортаға бейімдеу мәселелеріне жан-жақты Сырттан келген мамандар облыстық ұйымның осы бағыттағы ізденістерін, атқарып келе жатқан жұмыстарын жоғары бағалап отыр. Мәселен, Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Баян Ахатай мұны қазіргі қоғамның ең көкейтесті мәселесі екенін, оған мықтап ден қойған қостанайлық әріптестерін қос қолдап құптайтынын айтып, осы бағытта нақты ұсыныстар әзірлеуді сұрады. Жиын соңында облыстық кеңестің бірнеше мүшесін елеулі еңбегі үшін ҚХА Алғыс хатымен марапаттады.blankblankТолығырақ – газеттің алдағы санында.

Суреттерді түсірген – Василий Васильев