23 мая, 2025
Қостанайда 320 балаға арналған балабақша салынады

Қостанайда 320 балаға арналған балабақша салынады

Қостанай қаласындағы «Юбилейный» шағын ауданында 320 орындық жаңа балабақша салу жоспарланып отыр.

Бұл туралы қала әкімі Марат Жүндібаев аппарат кеңесінде мәлімдеді. Оның айтуынша, мектептер мен балабақшалар құрылысын облыстық құрылыс басқармасы жүргізеді, ал қала билігі жер бөліп, қажетті инфрақұрылым жұмыстар жүргізеді.

«Өткен жылы «Юбилейный» шағын ауданында 280 орындық балабақша пайдалануға берілді. Сондай-ақ «Әуежай» шағын ауданында да биыл балабақша ашылмақ. Бұдан бөлек, «Юбилейныйда» тағы бір 320 орындық балабақша салу үшін шамамен 1 гектар жер бөлінген. Жоба Әуликөл ауданындағы балабақша үлгісімен салынады. Сонымен қатар, оған қоса жекеменшік балабақшалар да салынбақ», – Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев.

Арсен КОНКАЕВ,

ҚӨУ-нің студенті

Фото