Қостанайда 25 мың тоннадан астам қоқыс шығарылған

Қостанайда 25 мың тоннадан астам қоқыс шығарылған

Сәуір айының алғашқы аптасында Қостанай қаласында екі айлық тазалық жұмыстары басталған еді. Осы уақыт аралығында ауқымды бес сенбілік өткен. Оған қаланың барлық ұйымдары қатысып, 25 мың м3 қоқыс шығарылды.  Ал, былтыр сенбілік аясында 16 мың м3 қоқыс жиналып, тиісті тазалық жұмыстары жүргізілді.

Екі айға ұласқан сенбіліктің қорытындысы туралы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Данияр Сәбитов мәлімдеді. Бөлім басшысының айтуынша, «Таза-Жол АТ» ЖШС, «АБЗ плюс» ЖШС, «Конгломерат KZ» ЖШС, «Капитал групп Союз» ЖШС,  «ДК Максат» ЖШС қоқысты жинау және шығару жұмыстарымен айналысты.

Биыл рұқсат етілмеген қоқыс полигондарын тазалауға 50,4 млн теңге бөлініп, “ДК Мақсат” ЖШС-мен келісім-шарт жасалды. Рұқсат етілмеген полигондардан 21 мың м3 қоқыс шығару жоспарланып отыр. Тазалық жұмыстары әлі де жалғасуда.

Қымбат ДОСЖАНОВА.

 

Жаңалықтармен бөлісу