Мектеп оқушысы балалардың жаяу жүрген кездегі қауіпсіздігі үшін жанат жануары түрінде суретті пайдалануды ұсынды.
Оқушы Ерасыл Шәкібайдың идеясын полицейлер қолдап, бұл элемент оқушылардың рюкзактары мен сыртқы киімдеріне тағуға болатынын айтты.
Балдырған Қостанай қаласының 17 мектебінде оқиды. Сурет идеясының туындауына «Жаяу жүргінші, жарқыра!» атты ұран себепші болып, жас өнертапқышты шабыттандырған.
Оқушының әкесі Канат Шәкібаев ұлының мектепте полиция қызметкерлерінің қолдауымен өткен жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі конференцияға қатысқанын айтты. Осы фликер аталған конференция үшін ойлап табылғн. Суреттің жетілдіріле түсуіне оқушының ата-анасы көмектесіпті.
– Фликердің суреті кездейсоқ таңдалған жоқ. Балалар жануарларды жақсы көреді, ал жүргізушілерге ол алыстан шағылысып көрінетін болады, – дейді Ерасыл.
Қостанай облысының ПД оқушының идеясы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектесетінін атап өтті. Фликердің тұсаукесері мектепте өтті. Бұл Ерасыл Шәкібайдың сыныптастарына, оқушыларға, педагогтарға ерекше ұнады. №17 мектепте бұл элемент бастауыш және орта буын оқушылары арасында белсенді қолданыла бастамақ.