Құжат қабылдау 21 қазаннан 1 қарашаға дейін жүргізіледі. Биыл бұл бағдарламаны іске асыруға 2,1 млрд теңге бөлінген.
Айта кету керек, аталмыш жобаны Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы «Отбасы банк» АҚ филиалымен бірлесіп жүзеге асырып келеді. Бағдарламаның көздегені – объективті себептермен баспана ала алмай жүрген жас мамандардың тұрғын үй мәселесін шешуге мүмкіндік беру. Жобаға 34 жасқа дейінгі жас мамандар қатыса алды.
– Қатысушыларды іріктеу рәсімінің ашықтығы және халықтың наразылығын болдырмау үшін басқа өңірлердегі бағдарламаларға ұқсас, қатысушыларды іріктеу баллдық жүйе бойынша және конкурстық комиссия отырысында жүргізіледі. Қатысушылар бірдей ұпай жинаса, ең жасы үлкен қатысушыға артықшылық беріледі, – дейді Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Әсел Құлмағамбет.
Әр өңірде кандидаттарды іріктеу үшін барлық қажетті топтарды, бейіндік бөлім өкілдерін, қоғамдық кеңес пен жастар ісі жөніндегі кеңес мүшелерін қамтитын жеке комиссия құрылды.
– «Отбасы Банкі» филиалы әр қатысушының құжатын тексеріп, ішкі қағидаларға сәйкес тұрғын үй қарызын береді. Бағдарламаға қатысу үшін жеке куәлігімен қатар жұмыс орнынан фирмалық бланкіде жұмысқа қабылдау күні жазылған анықтама ала келу қажет. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан соңғы 6 айдағы міндетті зейнетақы аударымдары туралы, өтініш берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығындағы тұрғын үйдің болмауы туралы анықтама талап етіледі. Тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын мәліметтер – жеке кабинеттен электрондық үкіметтегі «Мүлік» сілтемесі арқылы алынған скринді тіркеуге болады, – деп атап өтті Әсел Құлмағамбет.
Бағдарламаға жастар бірнеше критриймен іріктеледі ол көрсеткіш балдық жүйемен анықталады. Жобаға денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, соның ішінде ведомстволық бағынысты және муниципалдық мекеме қызметкерлері және қала құраушы кәсіпорын қызметкерлері, облыстың қалған сала қызметкерлері мен 1 және 2 топтағы мүгедектер қатыса алады. Сондай-ақ, тіркелген некедегі әр жыл мен әр бала және асырып алған бала үшін бал есептеледі.
– Бағдарламада әртүрлі несие беру шарттары бар. Қарыздың ең жоғары сомасы Қостанайда 18 млн теңге, ал облыстың өзге аймақтарынан 15 млн теңгеден аспауы тиіс. Бастапқы жарна қарыз сомасының 10 пайызы, ал жылдық сыйақы мөлшерлемесі 6%, – деді «Отбасы банк» АҚ Қостанай филиалының директоры Әсел Асқарова.
Бағдарламада қойылатын талаптарға сәйкес, алдымен ҚР азатты болуы тиіс. Қатысуға ерлі-зайыптылардың біреуіне ғана рұқсат беріледі. Сондай-ақ, бағдарламаға қатысушы тұрғын үйді жұмыс орны бойынша сатып алады. Оның сыртында үміткер үшін міндетті шарттың бірі, бір жерде кемінде 6 ай жұмыс істеуі керек және облыс аумағында тұрақты тіркеуде болуы тиіс.
– Облыс аумағында жеке кәсіпкер болып тіркелген үміткерлер үшін кемінде 1 жыл үздіксіз қызмет өтілінің болуы қажет. Өтініш берушінің және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасы аумағында меншік құқығындағы тұрғын үйдің және соңғы 5 жыл ішінде иеліктен шығару фактісінің болмауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік бағдарламалар желісі бойынша алынған жалға берілетін тұрғын үй болмауы тиіс. Мұнда тек бағдарламаға қатысушының немесе отбасы мүшелері жекешелендіру немесе мұрагерлік құқығы нәтижесінде кәмелетке толғанға дейін алған жылжымайтын мүліктегі үлес есептелмейді. Ресми некеде бірге тұратын өтініш беруші мен оның жұбайының, немесе өтініш беруші мен бірге тұратын ата-анасының соңғы 6 айдағы жиынтық табысы ай сайын 150 АЕК-тен (553 800 теңге) аспауы керек. Бағдарламаға отбасы мүшелерінің біреуі ғана қатыса алады. Егер қатысушылар бірдей ұпай жинаса, жасы үлкен қатысушыға артықшылық беріледі, – дейді «Отбасы банк» АҚ Қостанай филиалының директоры.
Айта кету керек, үміткерден «Отбасы банк» АҚ-да қарыз берілген сәтке дейін шоттағы бастапқы жарна сомасының қалдығы бар жинақ шоты болуы талап етіледі.
Сералы МЫРЗАБАЙ