24 июня, 2025
Қостанай және Рудный қалаларында республикалық жедел тактикалық оқу-жаттығулары өткізілуде

Қостанай және Рудный қалаларында республикалық жедел тактикалық оқу-жаттығулары өткізілуде

Республикалық жедел тактикалық оқу-жаттығуларын ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы орталығы ұйымдастырып жатыр.

«Найза-Антитеррор-2025» жоспары бойынша өтіп жатқан іс-шараның негізгі мақсаты — террористік сипаттағы қатерлер туындаған жағдайда мемлекеттік органдардың әрекет ету және өзара іс-қимыл жасау дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ терроризм актісінің салдарын барынша азайту және жою.

«Оқу-жаттығу аясында арнайы техника, құқық қорғау және арнайы органдардың әртүрлі бөлімшелерінің күштері мен құралдары жұмылдырылатын болады. Іс-шаралардың өткізілуіне байланысты қаланың жекелеген көшелерінде автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі. Қала тұрғындары мен қонақтарын тыныштық сақтауға, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз», – деп хабарлайды Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штабының өкілдері.

Естеріңізге сала кетеміз, жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.