Жітіқаралық Диана Әменоваға 2023 жылы «Қостанай таңы» газетіне жазылу науқанына қатысып, ұтыс ойынының жеңімпазы атанғаны үшін жүлдесі табыс етілді.
Диана Большевик ауылдық округінде күзетші болып еңбек етеді. Бос уақытында ізденіп, айналада болып жатқан қызықты оқиғаларға үңілуді жанына серік етеді.
«Газет-журналды жиі оқимын. Өзім туып-өскен, өмір сүріп отырған өңірде не болып жатқанын білгім келгендіктен осы газетті жаздырып аламын», – дейді Диана Әменова.
Оқырманымызға онлайн ұтыс ойынында ұтып алған шәугімді сол ауылдың әкімі Фархад Қуанышбай салтанатты түрде табыстады.