25 мая, 2025
Қостанай қаласындағы NIS оқушысы Сабина Джакупова республикалық сайыста ІІ орынға ие болды

Қостанай қаласындағы NIS оқушысы Сабина Джакупова республикалық сайыста ІІ орынға ие болды

Бұл жетістік оның ғылыми ізденістерінің нәтижесі әрі білімге деген терең қызығушылығының айқын көрінісі екені сөзсіз.

Сабина өз зерттеу жұмысын «Алаш идеясына қолдау көрсетудегі бай-меценаттардың рөлі» тақырыбына арнап, Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне қосқан үлесін зерттеді. Бұл тақырыпты таңдауда ол Алаш қозғалысы мен оның маңызына терең бойлап, бай-меценаттардың осы қозғалысқа қандай үлес қосқанын ғылыми тұрғыдан ашып көрсетуді мақсат еткен.

Сабинаның ғылыми жетекшісі — Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі Дамир Исиргепов. Мұғалім Сабинаға бағыт-бағдар беріп, оның зерттеу жұмысының сапалы әрі жоғары деңгейде орындалуына үлкен ықпалын тигізді.

Дамир Исиргеповтың жетекшілігімен Сабина өзінің ғылыми жұмысының әдістемелік негізін дұрыс таңдап, республикалық деңгейде жоғары бағаға ие болды.

Бұл жеңіс білімге деген адал еңбек пен қажырлы жұмыстың жемісі. Сабина өз зерттеуінде Қазақстан тарихының маңызды кезеңдеріне жаңа көзқарас ұсынып, Алаш идеясының қазіргі қоғамдағы маңыздылығын терең талдады.

Бұл жетістік Сабинаның тек өз мектебіне ғана емес, барлық білім беру жүйесіне үлгі боларлықтай маңызды қадам. Оның талпынысы мен еңбегі болашақта үлкен жетістіктерге жетуге жол ашады.