1 июня, 2025
Қостанай полицейлері әлеуметтік желілерде өзін қыз ретінде таныстырған алаяқты ұстады

Қостанай полицейлері әлеуметтік желілерде өзін қыз ретінде таныстырған алаяқты ұстады

Ер адам әлеуметтік желілерде қыз болып тіркеліп, жалған парақша ашып, жергілікті тұрғыннан емге қажет деп 3 миллион теңге жымқырды. 3 сәуірде Қостанай облыстық ПД киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері 27 жастағы тұрғыны, интернет-алаяқты ұстады.

— Күдікті әлеуметтік желілерде алдау және сенімін асыра пайдалану арқылы жалған парақша ашып, қыздың атынан емдеу сылтауымен шамамен 3 млн теңге сомасында ақшалай қаражатты иемденді. Танысу барысында жәбірленуші жалған қызға шамамен 5 ай көлемінде ақша аударып отырған. Полицейлер заттай дәлелдемелерді банк карталарын, SIM карталарын және ұялы телефонды тәркіледі, — деді Қостанай облысы ПД киберқылмыспен күрес бөлімінің басшысы Олжас Мағыпаров.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды.