«Физика» және «Химия» атты бұл зертханалар «KamLitKZ» компаниясының арқасында жүзеге асты.
“Компания басшылығы университетке осы заманауи инновациялық зертханаларды сыйға тартып отыр. Болашаққа қарап, механика және металл өңдеу саласында студенттерді, өз болашақ қызметкерлерін даярлауға бар күш-жігерін салуда”, – деп атап өтті оқу орын басшысы Сейтбек Қуанышбаев.
Ашылу салтанатына «KamLitKZ» компаниясының атынан Шойын құю зауытының директоры А.Котов, персонал жөніндегі директор Е. Попыванова , оқу орталығының жетекшісі А.Исрапилова қатысқанын айта кетейік.
Нысанның лентасы қиылып, қатысушылар зертханалардың заманауи жабдықтарымен танысуға мүмкіндік алды.
Аружан Берікқызы
ҚӨУ студенті