Өңір басшысы Құмар Ақсақалов және Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев әріптестерімен бірге «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған қаланың жағажай аумағында өткен сенбілікке қатысты.
«Тәртіп. Тазалық әрқайсымызға байланысты. Барлығымыз таза көшемен жүріп, таза саябақта серуендегіміз келеді. Ал оның бәрі таза ұтсап тұру тек өзімізге байналысты. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы аймақтарды тазартумен шектелмейді. Бұл экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған үлкен идеологиялық шара. Облыстың 370 мыңнан астам тұрғыны айтулы іс-шараға қатысып, 113 заңсыз қоқыс алаңдарын тазарту мүмкін болды. Облыс аумағындағы 300-ден астам саябақ тазартылды. Субұрқақтар қалпына келтіріліп, облыс аумағын абаттандыруда ауқымды жұмыстар атқарылды. Бизнес өкілдерімен кездесу барысында бағдарлама жөнінде сөз қозғап, ауыл-аймақтарды абаттандыруға қатысты меморандумға қол қойылуда. Облыс тұрғындарын да осы іс-шараға белсенді қатысып, елді көркейтуге шақырамын», – деді Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов.
Акцияға облыстық және қалалық әкімдіктердің барлық бөлім қызметкерлері шықты.
Сондай-ақ, Ш. Қабылбаев атындағы ІІМ Академиясының курсанттары мен еріктілер атсалысты. Бас-аяғы 500-ден астам адам еңбек етті.
Қаланың «Шағала» жағалауында да абаттандыру жұмыстары белсенді. Өткен жылы жоспар бекітлген еді. Облыс әкімі қалалық жағалау аумағында жазғы стадион салынатынын жеткізді.
Жаңа демалыс орыны тартымды, көрікті орынға айналып, қала тұрғындары мен қонқтарына қызмет етпек. Аумақ жарықтандырылып, жаяу жүргіншілер жолы салындады. Балалар ойын-алаңы да қарастырылған.
«Біздің қалада төрт негізгі саябақ пен 64 саябақ бар, олардың әрқайсысында абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Мысалы, триатлон паркінде суару жүйесі, жарықтандыру, орындықтар, балалар және спорт алаңдары орнатылады. Оның Тобыл өзеніне шығатын жолы болады. Жеңіс саябағында орындықтар мен қоқыс жәшіктері толығымен ауыстырылды, – деді қалалық ТКШ бөлімінің басшысы Азамат Бегалин.
Қаланың қай бөлігін алсақ та жұмысқарқыны қатты. Осы ауқымды жұмыстын барлығын қала күніне дейін аяқтауды жоспарлап отыр.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Суреттерді түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ